Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 526-532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 530,3 теңге. Еуро 541-546 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 528 теңге, сатып алу құны – 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13-5,20 аралығында саудаланып жатыр.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        