Таңқаларлық ұсыныс: Беларусь АҚШ-тағы сайлауға бақылаушы ретінде шақырылды

201

Беларусь тарапы АҚШ сайлауын бақылауға қатысуға шақырту алды. 

Таңқаларлық ұсыныс: Беларусь АҚШ-тағы сайлауға бақылаушы ретінде шақырылды Фото: ont.by

Бұл туралы Беларусь Ұлттық жиналысының (парламент) Өкілдер палатасының төрағасы Игорь Сергеенко мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жақында ғана бізге Америка Құрама Штаттарындағы, Молдовадағы, Грузиядағы парламенттік сайлауды бақылауға қатысуға шақыру қағазы келіп түсті", – деді ол.

Оның айтуынша, парламентшілер "шақыртуға жауап қалай боларын" қарастырады.

Беларусь депутаттары сайлауды бақылауға жиі қатысады. Қыркүйек айының басында олар парламенттік сайлау өткен Әзербайжанға халықаралық бақылаушылар ретінде барды. Сондай-ақ Венесуэла мен Өзбекстандағы сайлауды бақылауға қатысты. АҚШ-тағы президент сайлауы 5 қарашада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу