Таңқалдырған Sony Vision-S

680

Машинаға жапониялықтар ғана мінеді.

Таңқалдырған Sony Vision-S

2020 жылдың басында Sony күтпеген жерден электрлі Vision-S көлігін паш етті. Машина серияға жіберілмейді. Sony компаниясы электромобиль жасау арқылы технологиялық мүмкіндіктерін көрсетейін деген. Жапониялықтар келешекте автоөндірушілерге дайын шешімдерді сатады. 

Vision-S таяуда Австрияда тексерістен сәтті өтті. Оншақты данасы жасалатын электрокар жыл соңына дейін Жапония жолына шығады. 

Айта кетейік, Vision-S деген (жүмейтін) шоукар емес. Электромобилдің 544 ат күшін беретін екі моторы бар. Жүзге дейін жылдамдығы 4.8 секунд. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу