Танымал адамдар аузына абай болуы керек – Ақтоты Райымқұлова

1289

Мәдениет министрі қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарды сынады.

Танымал адамдар аузына абай болуы керек – Ақтоты Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықтың аңқаулығын пайда көзі деп санайтын қаржы пирамидаларын жарнамалаған эстрада мен спорт өкілдерінің қылықтарын сынады.

"Бұл енді құқық қорғау органдарының мәселесі. Әрбір адамның құқығы бар. Сонымен қатар заңды бұзуға да болмайды. Сондықтан құқық қорғау органдары мәселенің мән-жайын анықтар деген ойдамын. Өзімнің көзқарасым: қандай істермен қандай шаруамен шұғылданса да, әр адамның өз құқығы бар. Өз басым бұны дұрыс емес деп санаймын. Өйткені ол кісілерге деген қоғамның үлкен жауапкершілігі, сүйіспеншілігі бар. Сондықтан осындай нәрселерге аса назар аударып, абай болу керек", – деді министр Үкімет отырысынан соң тілшілермен тілдескенде.

Еске салсақ, Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, қаржы пирамидалары мен ломбардтарға алданған қазақстандықтардан бүгінге дейін 2 мыңға тарта шағым түскен. Компаниялардың аймақтардағы барлық кеңсесіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде алдамшы ұйымдар 42 мың адаммен келісім жасағаны белгілі болды. Алдын ала есепке сенсек, шығын мөлшері 5 миллиард 411 миллион теңгеге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу