Танымал актер "Фара" – Фархат Әбдіраимов көз жұмды

871

Актер Фархат Әбдіраимов қайтыс болды. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, актер Грузияда жан тапсырған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Танымал актер "Фара" – Фархат Әбдіраимов көз жұмды Фото: Sputnik Казахстан

"Грузияда фильмнің түсірілімі барысында белгілі актер әрі жақсы адам Фархат Әбдіраимов көз жұмды. Қаңтарда ол 55 жасқа толған еді", - деп қаралы хабар таратты министрліктің баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі де бұл ақпаратты растады. Алдын ала берілген мәліметке сәйкес, актердің жүрегі тоқтап қалған.

Туған-туыстарының айтуынша, Фархат Әбдіраимовтың өліміне инфаркт себеп болған. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімінің уақыты алда қосымша хабарланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу