Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті

885

Бұл туралы Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі хабарлады. 

Танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті Фото: Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі

ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа" - Жанар,  "Қызыл сұңқарлар" - Маруар, Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" - Қамқа шеше, Ш.Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" - Кемпір, "Ақ кеме" - Кемпір, С.Балғабаев "Қыз жиырмаға  толғанда" - Ғани,  Ә.Тарази "Жақсы кісі" - Балзия, О.Бөкей "Атау-Кере" - Марфа, "Ауылдан келген ару" - Сәндігүл, С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" - әже, А.П.Чехов "Шағала" - Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген қазанамада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу