Танымал әнші көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды

318

Kalifarniya лақап атымен белгілі әнші азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады. 

Танымал әнші көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды Фото: instagram/kalifarniya

Түркістан полицейлері белгілі әнші Фархат Қалиевпен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін профилактика жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Фархат тыңдармандар арасында "Kalifarniya" лақап атымен және "Qar", "Аспан", "Роза" сияқты әндерімен танымал. Өз кезегінде әнші, азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік,  Фархат "Харекет" қайырымдылық қорымен бірге "100 күнде - 100 баспана" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға атсалысып жүр. Еліміздің әр өңіріне концерттік бағдарламамен барып, баспанаға мұқтаж отбасыларына үй сыйлауға өз үлесін қосып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу