Танымал әнші өзінің концертінде көз жұмды

1902

Ол сахнада есінен танып құлап қалған. 

Танымал әнші өзінің концертінде көз жұмды Фото: cyprusbutterfly.com.cy

Түркияның танымал әншісі әрі композиторы 58 жастағы Волкан Конак қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Turkiye Today жазуынша, әнші 30 наурыз күні Солтүстік Кипрдің Искеле аймағында концерт берген. Оның қатысуымен өткен концерттік бағдарлама қаладағы қонақ үйлердің бірінің алаңында болған.

Волкан Конак концерт кезінде өзін жайсыз сезініп, жағдайы нашарлаған, кейін есінен танып құлап қалған. Оның өнерін тамашалауға келген көрермендер алғашқы көмек көрсеткен. 30 наурызда сағат 23:23-те 112 қызметіне қоңырау түсті.

Кейін оған қонақ үй қызметкерлері шақырған дәрігерлер тобы көмектесуге тырысты. Әнші Газимагус ауруханасына жеткізілді, алайда әнші тіл тартпай кетті. 

Өлімнің ресми себебі әлі жарияланбады. Алдын ала себебі ретінде жүрек талмасы деп көрсетілген.

Ақпаратты Солтүстік Кипрдің денсаулық сақтау министрлігі растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу