Танымал әуе компаниясы Олимпиадаға байланысты 180 млн еуро шығынға ұшырауы мүмкін

225

Франция астанасына қатынауға ниетті жолаушылардың саны Еуропаның басқа ірі қалаларына қарағанда төмен.

Танымал әуе компаниясы Олимпиадаға байланысты 180 млн еуро шығынға ұшырауы мүмкін Фото: Kazinform

Француздық Air France KLM әуе компаниясы Париждегі Олимпиада ойындарына байланысты қаржылық шығын көлемін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Air France-KLM басшылығы жолаушылар Олимпиада ойындарының алдында және дүбірлі дода уақытында Парижге келуге тартынып отырғанын мәлімдеді. Сәйкесінше, әуе компаниясы әжептәуір шығынға ұшырамақ.

"Air France және Transavia France 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына байланысты жазғы маусымда кірістің төмендеуіне тап болып отыр. Франция астанасына қатынауға ниетті жолаушылардың саны Еуропаның басқа ірі қалаларына қарағанда төмен. Қала мен басқа бағыттар арасындағы саяхат та әдеттегі маусым-тамыз айларындағы орташа деңгейден төмен. Себебі, тұрғындар демалыстарын кейінге шегерген немесе балама саяхат жоспарларын қарастырған сияқты", - делінген әуе компаниясының веб-сайтындағы мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу