Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова күйеуін сахнаға қалай дайындайтынын көрсетті

2716

Сондай-ақ, ол жұбайына тағы 40 жыл бойы қызмет етуге дайын екенін айтты. 

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова күйеуін сахнаға қалай дайындайтынын көрсетті Фото: stan.kz

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанова өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, жолдасына 20 жыл бойы қызмет етіп жүргенін жария етті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Видеодан жолдасы Тұрсынбек Қабатов сахнаға шығар алдында кофе әзірлеп, киімдерін үтіктеп, сахна сыртындағы жұмыстарды тексеріп  жүрген Мөлдір Мұқанованы байқауға болады. Әзілкештің жары бұл қызметте жүргеніне 20 жыл болғанын да айтып өтті.

Сонымен қатар, ол жұбайына тағы 40 жыл бойы қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

"Осылай жүргеніме 20 жыл болыпты. Енді 40 жыл қызмет етуге дайынмын. Сосын демаламыз. Сенің жетістігің – менің жетістігім. Алла жар болсын", – деді Мөлдір Мұқанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу