Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, Перизат Қайрат сотқа дейінгі тергеуде айғақ беруден бас тартып, өзіне тағылған айыппен келіспеген.
"Күдіктінің айғақ беруден бас тартуға құқығы бар. Ол бұл құқықты пайдаланып, айғақ беруден бас тартып отыр. Адвокаттары бар. Оның адвокаттары өзгерді, қазір басқалары жұмыс істеп жатыр", - деді ҚМА өкілі Сенат кулуарында.
Жеңіс Елемесов күдіктіге қатысты қылмыстық іс заттай дәлелдемелерді есепке алмағанда, 100 томнан асатынын еске салды.
Айта кету керек, осыған дейін Перизат Қайратқа қатысты істі тергеу аяқталғанын жазғанбыз.