Танымал блогерлердің есірткі жарнамасына қатысы бар болып шықты

1410

Есірткі жарнамасын орнатқан компания 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Танымал блогерлердің есірткі жарнамасына қатысы бар болып шықты

Танымал блогерлердің есірткі жарнамасына қатысы бар болып шықты. Бірі өзбекстандық инста жұлдызы болса, екіншісі қазақстандық "Супер әке" лақап атымен танымал блогер. Екеуі де алаяқтардың құрсауына түстік деп өз парақшаларында жазба жариялады. Олардың айтуынша, компания өкілдері қытайдан арзан тауарлар тапсырыс беруге арналған сайтқа жарнама деп түсіндірген көрінеді. Осыдан кейін ұсынысты қабылдап, адамдарды челлендже қатысуға шақырған. Айта кететіні, екеуінде 1,5 миллионға жуық оқырман бар. Енді Ташкенттік блогер Шахзода жарнамаға тапсырыс берушілерді сотқа бермек. Ал қазақстандық желі жұлдызы болса, оқырмандарынан кешірім сұрады.

"...Қазір мен өте ашулымын. Мені алдап кетті. Жарнама берушілердің есірткі сатушылар екенін енді білдім. Істегеніме қатты өкініп отырмын. Бұл алаяқтар, сондықтан желідегі суреттерңізді өшіріп, ол сайтты бұғаттап тастаңыздар. Маған сенген оқырмандарым мен челлендже қатысушылардан кешірім сұраймын...",– Серік Тілеуісов.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы есірткі жарнамалайтын билбордтар қала тұрғындарын алаңдатқан болатын. Осыдан кейін оңтүстік астанада екі билборд алынды. Ал есірткі жарнамасын орнатқан компания 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Жарнамаға тапсырыс берушінің кім екендігі де анықталды. Ол Қарағанды облысының тумасы болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің тек Алматымен шектеліп қалғысы келмегендігі белгілі болды. Ол есірткіні жарнамалайтын билбордтарды Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қалаларында орнатқысы келген. Қазір оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу