Танымал футболшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді

280

Оның екі бірдей допинг сынамасы талапқа сай емес нәтиже көрсеткен.

Танымал футболшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді Фото: Спорт Экспресс

Франция ұлттық құрамасы мен "Ювентус" командасының жартылай қорғаушысы Поль Погба допинг қолданғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Tuttosport сайтына сілтеме жасап.

Футболшы 2023 жылы екі бірдей допинг сынамасын тапсырып, екеуі де талапқа сай емес нәтиже көрсеткен еді. Оның допинг сынамасынан тестостеронның артық мөлшері байқалған. 30 жастағы футболшының адвокаттары 4 жылдан 2 жылға қысқарту жайын сұрағанмен, шешім өзгеріссіз қалды. 

Погба 2022 жылдың жазынан бері "Ювентуста" ойнап келеді. Өткен маусымда 10 матчқа қатысып, бір нәтижелі пасымен көзге түскен. Командамен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жоспарланған. Футболшының трансферлік құны 20 миллион еуроны құрайды. 

Бұған дейін "Ювентус" командасы Погбаның допинг қолданғаны ресми түрде дәлелденсе, келісімшартты біржақты келісім бойынша аяқтайтынын хабарлаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу