Танымал кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров ұсталды

6004

Parmigiano Group мейрамханалар желісінің негізін қалаушы әрі иесі екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Танымал кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров ұсталды

Кәсіпкердің өзі 24 шілдеде ұсталған. Бұл жөнінде Independ.kz баспасөз мәслихатын өткізген кәсіпкердің әйелі Ольга Әбдіғаппарова мәлімдеді.

"Алмас екеуміз демалысқа шығып, ұшып кеткенбіз. Оралғанымызда ол "AV Construction" компаниясынан жұмыстан шығарылды. Күндіз Алмас екеуміз көлікте отырған кезде ұстады", - дейді ол.

Әбдіғаппаровтың адвокаты Анна Веретельникова 26 шілдеде кәсіпкердің екі айға қамауға алынғанын айтады.

"Осы ретте мен Полиция департаментіне сұрақ қойғым келеді: неліктен тергеу құпиясы саналатын әрі қорғалуы тиіс ақпарат қаулы шыққан сәттен бастап бірнеше минуттың ішінде БАҚ-қа жарияланып кетеді. Неліктен ол жылдам тарап кетті?" - дейді ол.

Адвокаттың айтуынша, азаматтық-құқықтық сипаттағы іс бірден қылмыстық өндіріске айналып шыға келген. 

БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, Әбдіғаппаровқа қарсы арызды "AV Construction" компаниясының басшысы жазған. Баспасөз мәслихаты барысында тілшілер әйелінен ол туралы біле ме, жоқ па – сұрап көрген еді. Ольга Әбдіғаппарованың сөзінше, кәсіпкерің фирмасы "AV Construction" компаниясына маркетинг қызметін көрсеткен.

"Рауан Бабаев – Алмас Әбдіғаппаровтың жиені. Келіссөздердің қалай жүргізілгенін, не туралы келісім болғанын білмеймін. Қатысқан жоқпын", - дейді кәсіпкердің әйелі.

Ольга Әбдіғаппарова Президенттен көмек сұрап отыр. Өзінің, балалары мен күйеуінің амандығына алаңдайтынын айтады. Ал Алматы полициясы Әбдіғаппаровтың ұсталуы жөнінде әлі ресми ақпарат таратқан жоқ.

Parmigiano Group мейрамханалар желісі 2011 жылы құрылған еді. Оның құрамына VIZIR,  EAST, Olivier, Crudo стейк-хаус мейрамханалары, Mama’s, Sunset Cafe секілді жылдам тамақтану орындары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу