Танымал қазақстандық журналист өмірден озды

420

Лев Тараков әр жылдары баспасөз құралдарында басшылық лауазымды атқарды. 

Танымал қазақстандық журналист өмірден озды Фото: aikyn.kz

Танымал қазақстандық журналист Лев Тараков 59 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лев Тараков Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер ретінде бастап, әр жылдары баспасөз құралдарында және бұқаралық ақпарат министрлігінде, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. "Известия-Қазақстан" газетін басқарды. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева танымал журналистің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Бүгін Қазақстан журналистика саласының дамуына, отандық медиакеңістің қалыптасуына үлес қосқан белгілі азамат, көрнекті қайраткер Лев Тараков 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті. Лев Юрьевич білікті медиаменеджер, шығармашыл тұлға, талантты әрі шебер публицист болатын. Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді. Онымен ұзақ жылдар бойы таныс болып, кәсіби тұрғыда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегеніме, жылы тілдесіп, жақын араласқаныма қуаныштымын. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған азаматтың аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады деп сенемін. Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу