Танымал мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден озды, деп жазады inbusiness.kz.
Амангелді Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚазҰУ аспирантурасын аяқтады.
Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен.
1999-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Бірнеше кітаптың, жүздеген ғылыми мақаланың авторы.
"Құрмет" белгісі, "Парасат" ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.