Танымал көлік компаниясы сутегімен жұмыс істейтін танк жасамақ

136

Оңтүстік Кореяның Hyundai Rotem компаниясы әлемдегі алғашқы сутегі отын элементтері бар K3 танкін құрастырмақ. 

Танымал көлік компаниясы сутегімен жұмыс істейтін танк жасамақ Фото: Electrek

Корея қорғанысын дамыту агенттігімен бірлесіп әзірленіп жатқан K3 танкінің өндірісі 2040 жылы басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты Yahoo агенттігіне сілтеме жасап.

Мақалада дизельдік қозғалтқыштардан сутегіге көшу бірінші прототиптердегі гибридті жүйелерден бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны атап өтілді. Әзірлеушілер Оңтүстік Кореяның әскердегі іштен жанатын қозғалтқыштардан кезең-кезеңімен бас тарту жоспарын көрсететін тұрақты әрі жан-жақты әскери активтерге ұмтылуда.

K3 танкі автономды түрде жүргізуге болады және ол ұшқышсыз ұшақтар мен 130 мм тегіс ұңғылы жаңа зеңбірекпен жабдықталады. Сондай-ақ ол ұрыс даласында миссияларды тиімдірек орындауға мүмкіндік беретін жақсартылған жасырын және автономия мүмкіндіктеріне ие болады. Сутегі технологиялары жылу мен шуды азайтады, ұтқырлық пен жеделдікті жақсартады.

Үш адамнан тұратын экипаж брондалған капсулада қорғалады, ал озық қару-жарақ пен қорғаныс жүйелері ұрыс алаңында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Танктің қаруы 5 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысанаға дәл тигізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу