Енді Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Дубай қаласында ұсталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан азаматы әуелден-ақ "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды" деген күдікке ілінген-ді. Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болғаны айтылады.
Ол "Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады" деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген болатын.
Өткен жылдың күзінде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысымен екі қаскөй "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтірген.
Осыған дейін қылмысты істегендер де темір торға қамалды.