Атақты Armani брендінің негізін қалаушы Джорджо Армани 91 жасында дүниеден өтті

199

Ол еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастаған. 

Атақты Armani брендінің негізін қалаушы Джорджо Армани 91 жасында дүниеден өтті Фото: РИА Новости

Итальяда әйгілі модельер, Armani компаниясының негізін қалаған Джорджо Армани 92 жасына қараған шағыда қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Қайғылы хабар туралы Armani Group холдингі мәлімдеме таратты.

"Біз, Armani Group, компанияның негізін қалаушы тұлға Джорджо Арманидің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз", – делінген мәлімдемеде.  

Армани өмірінің соңына дейін компанияның бас директоры әрі шығармашылық директоры болды. 

La Repubblica басылымының жазуынша, 91 жастағы Армани ауруханадан шыққан соң үйінде емделген. Бұл ақпарат көпшілікке жария болмаған. Модельердің денсаулығына байланысты алғашқы күдік оның 2025 жылдың маусымында Милан сән апталығына қатыспағанынан кейін пайда болды. Шілдеде Париждегі сән көрсетілімін ол үйінен онлайн басқарды.

Джорджо Армани 1934 жылғы 11 шілдеде Италияның солтүстігіндегі Пьяченца қаласында дүниеге келген. Ол жас кезінде медицинаға қызығып, Милан университетінің медицина факультетіне оқуға түскен. Екінші курстан кейін құжаттарын қайтарып алып, фотографтың көмекшісі болады. Одан соң әскерге кетеді.

1957 жылы Миландағы әмбебап дүкенге жұмысқа орналасып, кейін витриналарды сәндеуге жауапты маман етіп тағайындалған. 

1961 жылы Армани танымал модельер Нино Черуттидің көмекшісі атанады. Осы уақытта ол киімді пішіп, тігуді және үлгі жасауды жетік меңгереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу