Танымал продюсер күйеуінің қылмысын кешірді

1070

Танымал продюсер күйеуінің қылмысын кешірді

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталып отырған күйеуі Бақытбек Есентаевты толықтай кешірді.

Бұл туралы Баянның қорғаушысы Марат Асқарбеков мәлім етті.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесі кеше, 18 қазан күні басталып, бүгін жалғасын тапты. Істі қарау жабық режімде өтіп жатыр. Оны Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Берікжан Байжүнісов жүргізуде.  

Б.Есентаевқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша айып тағылған.

Белгілі  продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Оны  өлтірмек болды деген күдікпен өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу