P.Diddy-ге (Шон Комбс) адам саудасы мен басқа да бірқатар ауыр қылмыстар үшін айып тағылды. Бұл туралы CBS news Нью-Йорк сотының құжаттарына сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz cайты.
"Комбсқа жыныстық қанау, қылмыстық әрекеттерді ұйымдастыру мен жезөкшелікпен айналысу үшін адамдарды тасымалдау мақсатында адам саудасы бойынша айып тағылды", — делінген хабарламада.
Кейінірек Комбс сотқа берілуі керек.
TMZ порталының мәліметі бойынша, соңғы бірнеше айда үлкен қазылар алқасы әртүрлі айыптаушылардың айғақтарын тыңдады, кейін музыкантты ұстау туралы шешім қабылданды және оның Беверли-Хиллз мен Майамидегі үйлерін тінтуге ордерлер берілді.
P.Diddy 16 қыркүйек күні Нью-Йоркте ұсталып, федералды қамауға алынды. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері рэпер тұрған қонақ үйге кіріп, оны ұстады. Ұсталғаннан кейін орындаушы Манхэттендегі ФБР филиалына жеткізілді.