Танымал ресейлік композитор Алматыдағы барды сотқа бермек

341

Бұл туралы композитор өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Танымал ресейлік композитор Алматыдағы барды сотқа бермек Фото: Starhit

Ресейлік композитор Максим Фадеев Алматыдағы жергілікті барлардың бірін авторлық құқығы бұзылғаны үшін сотқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Композитордың мәліметінше, 2019 жылы Наргизбен келісімшартты бұзып, өзінің каталогіндегі әндерді орындауға тыйым салған еді, алайды оның айтуынша әнші әлі күнге дейін оларды орындап келеді. 

Сондықтан ол өзінің авторлық құқығын қорғаумен әлек, алайда белгісіз себептермен ол тікелей әншіге қарсы емес, оның әндері орындалған орындарға шүйлікті. Мысалы, Алматыдағы жергілікті барлардың бірін авторлық құқығы бұзылғаны үшін сотқа берді.

"Наргиздің концерті Алматыдағы The FRIENDS Bar & Terrace барында 26 мамырда өтті. Менің заңгерлерім ол өнер көрсетер алдында барға әнімді орындауға тыйым салу туралы ескерту жасаған. Алайда бар әкімшілігі ескертуді елемеді. Нәтижесінде біз концертті өткізу кезінде менің құқықтарымды бұзылуына байланысты Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына арыз түсірдік", - деп жазды Максим Фадеев.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

"Ресей азаматынан сотқа арыз түсті. Заңнамаға сәйкес, бес тәулік ішінде өндіріске алынады", деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу