AppStore дүкенінен ресейлік VK холдингінің барлық қосымшалары өшірілді. Оның ішінде VK Play, VK музыка, VK клиптері, VK мессенджері, VK Админ, mail․ru поштасы жоғалып кетті, деп жазады Inbusiness.kz "Радио Свобода" сайтына сілтеме жасап.
Ресейлік танымал қосымшаларды өшіру санкция салқыны деуге әбден келеді.
Осыған дейін AppStore-дан Сбербанкке тиесілі 2ГИС қосымшасы өшірілген болатын. Қосымшаның бұрын орнатылған нұсқалары жұмыс істей береді. Бірақ қайтадан жүктеуге қолжетімсіз.
Айта кету керек, 2022 жылдың 2 ақпанында АҚШ Қаржы министрлігі VK Group бас директоры Владимир Кириенкоға қарсы санкциялар енгізген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу