Қазақстанның ретейлерлер қауымдастығының президенті Василий Горевой белгілі шетелдік сауда компаниялары тауарларының сатылымы төмендегенін, осыған байланысты шетелдік брендтердің біршамасы Қазақстаннан кетуі мүмкін екендігін айтты. Бұл туралы lsm.kz хабарлайды.
Қазақстан дағдарыс кезеңін бастан өткеріп жатыр. Сондықтан қазір бағасы 5-10 мың арасындағы тауарлардың өтімділігі жоғары болып тұр. Сонымен бірге, ірі сауда орталықтарында белгісіз брендтер қаптап кетті. Базардағы сертификаты жоқ тауарлардың бұлайша сауда орындарына көшуі шетелдік брендтерді ығыстырып шығаруда. Өз бағаларын төмендеткен шетелдік компаниялар түбінде брендтік атауын қорғап қалу үшін көшуге мәжбүр болады. Бұл тек фешнге ғана емес, фуд-маркаларына да қатысты.
Осыдан бірнеше жыл бұрын шетелдік маркалардың өтімділігі жоғары, халық жақсы баға берген тауарлар болатын. Алайда, олардың ығысуы Астанада әзірге байқала қоймағанымен, Алматыда бірден көрінеді.
- Дегенмен, Қазақстан дамушы ел болғандықтан шетелдіктердің қызығушылығы тоқтар емес. Біздің болжауымызша, бұдан былай аймақтарда сауда айналымында өсім болады. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда, сауда орындарының жалға берілу бағасының төмендеуі мен алушымен санасу, сауда сауаттылығының жоғарылауы, өз өнімдеріміздің көбеюі байқалады, - дейді қауымдастық президенті.