Танымал спортшы Еркебұлан Шыналиевтің үндеуінен соң қылмыстық іс тіркелді

101

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.  

Танымал спортшы Еркебұлан Шыналиевтің үндеуінен соң қылмыстық іс тіркелді Фото: бейнежазбадан

Қылмыстық іске Олимпиада ойындарының жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің арызы себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

БАҚ өкілдері спортшының әлеуметтік желідегі үндеуінен соң құқық қорғау органдары қандай шара қабылдағанын сұраған.

– Осыдан 2 күн бұрын ғана адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергелу сатысында. Іс оның арызы бойынша қозғалды, – деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев Түркияда өзіне қысым көрсетілгенін, яғни қорқыту әрекеттері болғанын айтты. Ол аталған жайтқа құқықтық баға беруді сұрап, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға жүгінген-ді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу