Танымал спортшы Қуат Хамитов үш жылға сотталуы мүмкін

1194

Танымал спортшы Қуат Хамитов үш жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken.  

Танымал спортшы Қуат Хамитов үш жылға сотталуы мүмкін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберіне қатысты іс бүгін сотта қаралды. Естеріңізге салайын, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарға оқ атуға және дезинфекция жасайтын жұмысшыларды соққыға жығып, олар тағы да "халықты улап жатқанын" айтқан еді. Кейін полицияға жеткізілген Қуат Хамитов, бұл видеоны "әзіл" деп атады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-ші бабы,  3-ші бөлім бойынша іс қозғалды.  Онда мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбау және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, сондай-ақ, азаматтарды зорлық-зомбылық жасауға шақыру, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу