Танымал трансплантологтар ақталды

604

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыларды аты шулы іс бойынша кінәсіз деп таныды.  

Танымал трансплантологтар ақталды

"Адам ағзасын заңсыз алды" деген күдікпен істі болған қазақстандық трансплантологтар Ғани Құттымұратов пен Абылай Донбай ақталды, деп хабарлайды "Atameken business".

Ал басты фигурант Қырғызстан азаматшасы Бермет Тайсалова 6 жыл 8 айға сотталды. Тергеу материалдарына сәйкес Тайсалова қазақстандық медициналық ұйымдарда ағза алмастыру бойынша ота өткізу үшін жалған құжат жасаумен айналысқан. Трансплантолог мамандар құжаттардың заңсыз екендігін білмеген және қызмет ақысы медициналық мекеменің есеп бөлімі арқылы жүрген. Алайда Құттымұратов ота жасаған науқастардың бірі ВИЧ жұқтырғаны білгілі болды. Судья өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін дәрігерді 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Осылайша транспантолог ақталса да, басқа бап бойынша абақтыға қамалатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу