Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті жемқорлыққа күрес шараларына атақты әншілерді, қоғам қайраткерлері мен спортшыларды тартпақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Есіктен есікке дейін" акциясы аясында адамдар көп жүретін орындарда жемқорлыққа қарсы әрекеттерді насихаттайтын жадынамалар көптеп таратамыз. Бұл акцияны еліміздің белгілі қайраткерлері атап айтсақ: Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, Асанәлі Әшімов, Аружан Саин, Серік Сәпиев сынды белгілі тұлғалар қолдап отыр. Жемқорлыққа қарсы істерді насихаттайтын плакаттар мен баннерлер қала бойынша ілінетін болады", - деді аталған департамент директоры Қаскин Тілеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу