Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim су жаңа көлік алып, жұп нөмірге ие болды. Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасына көліктің фотосын жариялап, халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Танымал әншілер қараша айының соңғы күндерінде сәбилі болмақ. Алайда әнші перзентханаға баруға асықпайды.
"Әзірге өзгеріс жоқ, бөпетайыммен отырмыз үйде. Шығуға асықпайтын бір жұлдыз болып тұр. Былтыр туған күніме күйеуім, ол кезде жігітім, көлігіме осы нөмірді сыйлаған еді. Биыл екеумізге жұп нөмір алып жатыр. Маған ұнап тұр. Күйеуімнің көптен күткен көлігі бүгін келіп, қуанып жатырмыз. Құттықтап қойыңыздар", – деп жазды әнші.
Еркенің айтуы бойынша, күйеуінің тізгіндейтін су жаңа темір тұлпарының маркасы “Cadillac” деп аталады. Оның нарықтағы бағасы 60 миллион теңгеден басталып, 86 миллион теңгеге дейін барады.
Сондай-ақ, желі қолданушылары жұлдызды жұпқа құттықтау сөздерін айтып жатыр.
Бұдан бөлек, Ерке мен Raim ұлдары Мүсілім үшеуі көліктің ішін көрсетіп, видео түсірген.