Танымал журналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті

2072

Орны бөлек маман ортамыздан кетті.    

Танымал журналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті

Қазақ журналистикасында қарекетке мығым маман ретінде танылған, көмекке мұқтаж жандардың айтуға оңай, атқаруға қиын түйткілдерін тарқатуға жанын салып кірісетін майталман маман Бейсен Құранбек дүниеден озды. Қаралы хабарды жалпақ жұртқа Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел жеткізді.

"Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы ретінде еңбек жолын бастап,  кейін "Рахат", "31 арна", "Хабар арналарында,  Президент телерадиокешенінде жемісті еңбек еткен білікті журналист кейінгі жылдары "Жетісу" телеарнасының бас директоры бола жүріп, "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Айтуға оңай", "Қаракет" сияқты  қолтаңбалық бағдарламалары арқылы қазақ аудиториясына қажетті ток-шоудың қандай болу керектігін көрсете білді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бейсен Құранбектің ауыр дертке шалдыққаны туралы ақпарат тарап, оны өзі де растаған болатын. 

21 ғасырда әр қазақ өз ісінің маманы болу керек десек, сол үденің биігін адал еңбегімен бағындыра білген білікті журналист жұрт жадында аяулы перзент ретінде қалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу