Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев өмірден озды

3047

Бүгін 57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-Жетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаев дүниеден өтті.

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев өмірден озды

Қ. Шерәліұлы елімізде курорт ісінің дамуына зор үлес қосқан маман ретінде танымал. Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінде басшылық етіп, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде танытты.

Қайрат Шерәліұлы 1965 жылы Созақ ауданында дүниеге келген. 2007 жылдан 2011 жылға дейін ОҚО мәслихатының депутаты болып сайланған. 2011 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінде қызмет атқарып келді. 2019 жылы Тәуелсіздік күніне орай, ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Қ. Беркінбаев танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлеуметтік желідегі парақшасында Қ. Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Марқұмның отбасы мен жақындарына қамқор әкесінің және жұбайының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды министр.

Айта кетсек, "Оқ-Жетпес" емдеу-сауықтыру кешені біраздан бері халыққа қызмет етіп келеді. Шипажай тарихы сонау 1964 жылы қолайсыздау нөмірлері бар үш қабатты бір ғана ғимараттан басталып, бүгінде үздік шипажайлар тізімінде көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу