Құқық қорғау органдары бүгінде қылмысқа қатысты бейнежазбалар мен хат алмасулар зерттеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобын құрған. Іске қатысы болуы мүмкін басқа да цифрлық айғақтар тексеріліп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.
– Оқиға орны мен оған іргелес аумақтардағы бейнежазбалар, сондай-ақ болған жағдайдың объективті көрінісін анықтауға маңызы бар өзге де цифрлық деректер зерттеліп, іс материалдарына қосылды. Барлық уәж мен нұсқа тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта жәбірленуші тарапқа істің барлық мән-жайы түсіндірілді, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа қатысы болуы мүмкін 13 жастағы жасөспірім анықталған, ол мамандандырылған арнайы мекемеге қамалды.
Тергеу нұсқаларында 2 жасөспірімнің арасында осыған дейін де келіспеушілік болғаны айтылады.