Танысын арзан үй алып беремін деп алдаған әйел ұсталды

428

Қызылордада танысын арзан бағамен үй алып беремін деп алдап, одан 17 млн теңге жымқырған күдікті әйел қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Танысын арзан үй алып беремін деп алдаған әйел ұсталды

Күдікті әйел Қызылорда қаласында арзан бағамен үй алып беремін деп танысын алдаған. 48-жастағы әйел 2020 жылдың маусым және тамыз айларында жәбірленушіге Қызылорда және Алматы қаласынан үй алып беремін деп сеніміне кірген.

"Осылайша, алаяқтық жолмен 17 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті азаматша Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу