Танысынан 12 млн теңге бопсалаған алматылық ұсталды

831

Күдікті бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Танысынан 12 млн теңге бопсалаған алматылық ұсталды

Танысынан 12 млн теңге бопсалаған 40 жастағы алматылық ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы "Шаңырақ" ықшам ауданының тұрғыны Д.есімді ер адам осындай әдіспен ақша табуға тырысқан. Күдікті бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Полицияға 23 жастағы Н.есімді қыз жүгінді, ол анасының танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы суреттер мен бейнелерді орналастырамын деп қорқытып, бопсалау арқылы 12 млн теңге талап етіп отырғанын айтты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде танысынан біраз ақша  алғанын мойындады. Тергеу жалғасуда", – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы

Қуатбек Науатов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу