Танзанияда белгісіз инфекция жұқтырған 15 адам қаза болып, 50-ден астам тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың жүрегі айнып, қан құсқан.
"Бұл ауру басқа елдімекендерге таралмады, тек бір әкімшілік округте байқалды. Медициналық көмекке кеш жүгініп,ауруын асқындырып алғандар қайтыс болды", – деді Мбея облысындағы Чунья округінің бас дәрігері Фелиста Кисанду.
Дәрігердің айтуынша, инфекция жұқтырған ер адамдарда асқазан жарасы мен бауыр ауруы болған. Осы орайда Танзанияның Денсаулық сақтау министрі дертті зерттеу үшін аймаққа сарапшылар тобын жіберді.
Мбеядағы медициналық басқарма мәліметіне сүйенсек, осыған ұқсас жағдай 2018 жылы орын алған. Ол кезде бірнеше адамның қызуы көтеріліп, асқазаны ауырып және олардың қан құсқаны тіркелген еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: dailysabah.com