Танзанияның президенті Самия Сулуху Хассан үкіметтің жаңа құрамын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атқарушы билік 27 министрден тұрады. Алдыңғы үкімет құрамынан жеті адам қызметінен босатылды. Олардың қатарында вице-премьер және энергетика министрі Дотто Битеко, денсаулық сақтау министрі Джениста Мхагама, бұрынғы сыртқы істер министрі Табит Комбо, табиғи ресурстар және туризм министрі Пинди Чана және басқа да лауазымды тұлғалар бар.
Бұдан бөлек бұрынғы ішкі істер министрі Инносент Башунгва да қызметінен босатылды.
Президент әкімшілігі жанынан жастар істері министрлігі құрылды. Оның басшысы болып Джоэль Нанаука тағайындалды. Танзанияның бұрынғы президенті Джакайя Кикветенің ұлы Ризивани Киквете мемлекеттік қызмет және тиімді басқару министрі атанды.
Ал Самия Сулуху Хассанның қызы Вану Хафидх Амир білім министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Күйеу баласы Мохамед Мченгерва денсаулық сақтау министрі болып бекітілді.
3 қараша күні Самия Сулуху Хассан елдің президенті ретінде инаугурацияда ант қабылдаған болатын.