Тапсырма қатты, жан тәтті. "Конструктор" көліктер заңдастырылады

547

Қазақстанға қосалқы бөлшек түрінде әкелінген "конструктор" көліктер заңдастыралады. 

Тапсырма қатты, жан тәтті. "Конструктор" көліктер заңдастырылады Фото: ortcom.kz

Бірақ иелері оны басқа адамға сата алмайды. Ішкі істер министрлігі аталған көлік түрлерін тіркеуде басты талап олардың жол қозғалысында қауіп тудырмауы,- деп отыр. Сол үшін заңдастырмас бұрын темір тұлпарыңыздың техникалық жағдайына зер салады. Министрдің сөзінше, қазір елде мұндай санатқа жататын 1,5 мың көлік бар.

"2014 жылы "Жол ережесі туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Сол жерде Қазақстанда ондай автокөліктердің жүруіне тыйым салынған. 2015 жылы Еуразия экономикалық одағы аясында да осындай автокөліктер қозғалысына тыйым салынды. Бірақ Президенттің тапсырмасы болғасын оны заңдастырып береміз. Бірақ оны ертең басқа біреуге сатуға тыйым саламыз", дейді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу