Тапсырыспен кісі өлтірген күдікті ұсталды

2145

Қылмысқа тапсырыс беруші биылғы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындаған.

Тапсырыспен кісі өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте кәсіпкерді тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қылмыскер 7 қыркүйек күні ұсталған. Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны, ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші биылғы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындады. Бүгінгі таңда қамауда отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу