Тапсырыстың жоқтығынан "Зениттің" жұмысшылары қысқаруы мүмкін

1129

Бұған дейін 100 адам қысқартылыпты. 

Тапсырыстың жоқтығынан "Зениттің" жұмысшылары қысқаруы мүмкін

Тапсырыс жоқтғынан оралдық "Зенит" зауытында жұмысшылар қысқаруы мүмкін. Бұл туралы кәсіпорынның бас директоры Вячеслав Валиев мәлім етті.

Оның айтуынша, Президент тапсырма берсе де, қазіргі кезде зауытқа мемлекеттік тапсырыс пен тиісті қаржы көлемі берілмей отыр. Жыл сайын қаржы көлемі азайып келе жатқандықтан, бұған дейін 100 адам жұмыстан қысқартылыпты. Енді қаржы мәселесі таяу арада шешілмесе, болжам бойынша тағы да 200-дей адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Бұл отандық кеме жасау кәсіпорнының қызметіне кері әсерін тигізетіні анық. Тіпті тұралап та қалуы ықтимал.

Күні бүгін зауытта 800-дей адам еңбек етуде. Мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін зауытта құны 3 млрд теңге тұратын, су ығыстырылымы 70 тонналық тағы бір кеме құрастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу