Таратылған банктердің мүлкі бәссаудаға қойылды

940

Таратылған банктердің мүлкі бәссаудаға қойылды

Әзербайжандағы таратылған банктердің мүліктерін сату бойынша бірінші бәссауда 10 шілдеде өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бірінші аукцион аясында сатуға екі ғимарат, екі броньдалған Atrabank инкассаторы, сондай-ақ жиһаздар мен Royalbank жабдықтары қойылады. Екі банктің де лицензиясын 2016 жылы олардың жиынтық капиталы реттеуіштің минималды  (50 млн манат) талабына сәйкес келмегендіктен, кредиторлар алдында міндеттемелерді орындамағандықтан алып қойған.

Әзербайжан салымшыларды сақтандыру қоры жұмысқа 2007 жылғы 13 тамызда кіріскен. Сақтандыру салымы бойынша проценттік ставканың жоғары бағасы үш пайызды құрайды. Ұлттық валютада сақтандыру салымы бойынша жылдық проценттік ставканың максималды деңгейі 15 пайыздан аспауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу