ТҮКШ, ЖК және АЖ қалалық бөлімі "Горкомхоз" МКК-ның таратылуына байланысты жылжымалы және жылжымайтын мүлік саудасына шақырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қаржы бөлімінің басшысы Әлия Қажыбаеваның айтуынша, кәсіпорын қаланы жинастыру бойынша тікелей жұмысты атқара алмауына байланысты таратылған.
"Бүгінгі таңда "Горкомхоз" жүзеге асыратын қызмет түрлері толығымен бесекелес ортаға түскен, - дейді Әлия Қажыбаева. – Қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, аумақты тазалау жұмыстарын ТҮКШ мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізеді. Кәсіпорын ешқандай табыс таба алмайды".
Қала әкімінің тарату жөнінде қаулысы 2017 жылдың қараша айында шыққан. Сол уақыттан бері кәсіпорынды тарату бойынша іс-шаралар өткізілуде. Мекеме басшысының м. а. Марат Жақыпов бұған дейін өткізілген екі аукционнан түскен 28 млн теңгеге қызметкерлердің еңбекақысы мен салық бойынша берешек төленгенін атап өтті.
"Сауданы лицензиясы бар аукционист ағылшын әдісімен өткізеді, - дейді Марат Жақыпов. – Оған бастапқы сомадан 10 кепілдік жарнасын төлеген кез келген адам қатыса алады. Ұтып алған жағдайда сома есептеп шығарылады, ұтылғанда кері қайтарылады. Лот өткізілуі үшін кем дегенде екі адам қатысу керек. Жеке немесе заңды тұлғалар бағын сынап көре алады".
Қалалық жолаушылар көлігі бөлімі басшысының орынбасары Раушан Шадиеваның айтуынша, кәсіпорынның 84 млн теңге көлемінде салық мекемесіне берешегі бар.
"Осыған байланысты мүлікті саудалау мақсатында аукцион өтуде, - дейді Раушан Шадиева. – Басында барлығы 91 лот болған, қазір 73 лот қалды. Қазіргі таңда 121 млн теңгеге коммуналдық мүлік сатылымға қойылды".