Тараз әкімдігіндегі жер қатынастары бөлімінің бұрынғы шенеуніктері сотталды

418

Сот шешімімен жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды.  

Тараз әкімдігіндегі жер қатынастары бөлімінің бұрынғы шенеуніктері сотталды Фото: gov.kz

Тараз қаласы №2 сотының үкімімен қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысы және бұрынғы сектор меңгерушісі лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп жазады inbusiness.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері қалалық прокуратура жүргізген талдау барысында анықталған.

“Лауазымды тұлғалар 3,56 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін заңсыз тәркілеп, оны екі коммерциялық жалпы ауданы 3,56 гектар жер теліміне айырбастады. Алайда мемлекет мүддесі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскені алып қоюдың қажеті жоқ еді. Бұдан басқа жер телімдерінің бағасы тең емес болғанына қарамастан айырбастап, мемлекет мүдделеріне 121 млн теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соқтырды”, - делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, коммерциялық мақсаттағы екі учаскеде 14 шағын ауданда орналасқан және оларды аукционда сату жергілікті бюджетке табыс әкелетін.

Сонымен қатар мемлекеттің орнына жеке адамдардың пайда тапқаны да айтылды.

Мәселен, ауданы 1,3 гектар болатын бір учаске автосалонға 93 млн теңгеге сатылған.

“Сот жер қатынастары бөлімінің басшысын ҚР ҚК 361-бабының 3 - бөлігінің 4-тармағы, ал бұрынғы сектор меңгерушісін ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы, 24-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, екеуін де 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды”, - деп хабарлады облыстық сот.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу