Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде

631

Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Антикорға сілтеме жасап.

Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде Фото: baq.kz

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды.

Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу