Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрадицияланды

Қайрат Сарытайға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрадицияланды Фото: pexels

Тараз әкімінің экс-орынбасары 2021 жылы Грузияда ұсталған болатын. Бас прокуратураның баспасөз қызметі жуырда оның елге экстрадицияланғанын хабарлады.

"Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған", – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталған.

"Грузиялық әріптестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға әкелді", – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазір, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Сарытай халықаралық іздеуге жарияланған болатын. 2021 жылдың 15 желтоқсанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-шенеунік Грузияда ұсталғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу