Тараз ауруханасында жүкті әйел көз жұмды. 7-балаға аяғы ауыр болған келіншектің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды astanatv.kz.
Ауруханадағы ана өліміне қатысты түсінік берген денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері тексеріс басталғанын мәлімдеді. Олар науқас ауруханаға тұмаудың асқынған түрімен түскен деп отыр.
"Тұмауы асқынып кеткен. Бір күннен кейін оның жүрегі нашарлағаны анықталды. Сөйтіп оны мамандандырылған "Жүрек" медициналық мекемесіне жібердік. Алайда мамандар оған көмек көрсете алмады. Қазір осы жағдайға қатысты тексеру басталды. Дәрігерлердің қателігі анықталса, жауапқа тартылады",– деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева.