Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға сотталды

619

Лауазымды тұлға 1 млн теңге көлемінде пара алған.  

Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға сотталды Фото: khabar24.kz

Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А.Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу