Тараз қаласына есірткі жеткізбек болған күдікті ұсталды

488

Жамбыл облысында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алдын ала ұйымдастырған арнайы операциясы басталды.    

Тараз қаласына есірткі жеткізбек болған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Нәтижесінде 13 қаңтарда Таразға ірі көлемде есірткі жеткізбек болған Меркі ауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жертөледен жалпы салмағы 5 келі 864 грамм гашиш пен жалпы салмағы 1 келі 280 грамм кептірілген марихуана есірткісі табылды. Сондай-ақ жеке басын тінту барысында күдіктіден салмағы 14 грамм гашиш есірткісі табылып, тәркіленді.

"Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 5 келі 878 грамм гашиш пен 1 келі 280 грамм марихуананы құрайды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деп хабарлады облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сот шешімімен күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу