Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

1117

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жамбыл облысының әкімшілік орталығы саналатын Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтемемен abctv.kz.
Тараз қаласын 2017 жылдың наурызынан бері басқарып келе жатқан Рүстем Дәулеттің орнына орынбасары Әбдірайымов Ғалымжан Райлұлы тағайындалды.

Әбдірайымов Ғалымжан 1965 жылы 14-мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, "Тұран" Университетін бітірген. Еңбек жолын колхозда шебер болып бастады, әртүрлі құрылым ұйымдары мен мекемелерінде жауапты қызмет атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу