Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығының тұрғындарын қуанышты оқиғамен арнайы құттықтады.
Сонымен қатар, стадион аумағында екі қабатты жекпе-жек залы бой көтерді. Жас спортшылар мұнда футбол, жеңіл атлетика, еркін күрес, дзюдо, армрестлинг, үстел теннисі, каратэ және бокспен айналыса алады. Бұрын олар ынғайластырылған нысанда жаттыққан болса, енді олар үшін заманауи көпфункционалды ғимаратта айналыса алады.
Тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтауға танымал қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров та арнайы келді.
"Бала кезімде менің көп жаттығуым осы жерде өткен болатын. Мен стадионның жаңартылғанына шын жүректен қуаныштымын, енді балалар қолайлы жағдайда шұғылданатын болады", - деді ол.