"22 маусым сағат 21:50-де "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының жедел-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласының "Қарасу" шағын ауданында күшті жарылыс болғаны туралы хабарлама түсті. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Газ қызметінің мамандары оқиға орнын газ анализаторымен тексеріп, ауада газ концентрациясы жоқтығына көз жеткізді.
"Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынды. Барлық қалалық қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жарылыс себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, жерасты жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу орын алған", – дейді ведомствоның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұхит Ықылас.